Home » "Коммунист Казахстана", № 40//22.11.2013 » Жастар маслихат сессиясында көтерілген мәселелер

Жастар маслихат сессиясында көтерілген мәселелер

 2013 жылдың 20 қараша күні  Қазақстан Коммунистік Халық  партиясының жастар қанатының басшысы, Батыс Қазақстан облысы жастар мәслихатының депутаты Мергенғалиева Шынарай Әуесбекқызы БҚО жастар мәслихатының XXXVІ сессиясына қатысты.

Сессия барысында «Ақсай жастары», «Мұхит жастары», «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестіктері жетекшілірінің ағымдағы жыл бойы атқарылған жұмыстарының есебі,

кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін жоғары оқу орындарының заң факультеті студентерінің құрамынан құқықтық білімі мен мәдениетін қалыптастыру бойынша топтар жасақтау жөнінде сұрақтар қаралды. Әрине, бұл сұрақтар өз алдына маңызы бар болғанымен Шынарай Әуесбекқызы өз тарапынан мынадай мәселерді ұсынды.

Қазіргі еліміздің де, жастардың да басты проблемаларының бірі діни ахуал болып табылады. Қазақстанда 4 миллион жарымдай 14 пен 29 жас аралығында жастар бар. Жастардың көбі әр нәрсеге қызығушылықпен қарағандықтан теріс көзқарастағы діни ұйымдар көбіне өз қатарларына жастарды тартқысы келеді.

Қазірде Қазақстанда шамамен 500-дей протестанттық ұйымдардың жаңа толқыны бар. Әсіресе еліміздің территориясында «Жаңа өмір», «Грейс», «Благодать», «Жанұя», «Иегова куәгерлері» атты діни ұйымдар бар. Осы діни ұйымдар құрамында – біздің 10 мыңдай отандастарымыз бар.

Көрсетілген діни ұйымдар өз жұмысын ең алдымен қайырымдылық шаралар, концерттер, жағдайлары нашар жанұялар мен жастарға көмек көрсетумен бастап, жастардың сана-сезіміне кіріп алады да, содан кейін олардың миссионерлері жастардың ақыл ойын билеп алып, оны құл қылады да, жеке мүліктерін өздерінің пайдасына жұмсайды.

Сондықтан Шынарай жоғарыда аталған діни секталардың жұмыстарына мемлекеттің атқарушы және заң органдарына бақылауды күшейтіп, заңға қарсы келген жағдайда қылмыстық іс қозғауына шақырды. Тағы да айта кеткен жағдай – діни бірлестіктердің тізімін және олардың миссионерлерін аккредитациясыз жұмысына тыйым салынуына шақырды және жастар маслихат депутатарын 26 қараша күні ҚКХП-ның Батыс Қазақстан облыстық комиттеті осы мәселелер тарапынан болатын дөңгелек үстелге қатысуларын сұрады.

Бекмагамбетова А.Б., Батыс-Қазақстан облысы

Яндекс.Метрика