Home » Западно-Казахстанский обком, Партийная жизнь » Жастар проблемаларын көтеретін кез келді

Жастар проблемаларын көтеретін кез келді

БҚФ ҚКХП-ның Жастар қанаты – белсенді азаматтық позицияны ұстанады, сол мақсатпен партияның жастар қызығушылығын тудыратын жұмыстарын қолдайды.

Батыс Қазақстан облыстық жастар мәслихатына Қазақстан Коммунисттік Халық партиясының Жастар қанатының басшысы, депутат Мергенғалиева Шынарайдың келесі сессияда қоятын ұсыныстары:

1. Менің ойымша ЖОО-ындағы (Жоғары оқу орны-авторд.) жылдық оқу ақысының күннен-күнге өсуі ЖОО-ында оқып жүрген студенттер үшінде және оларды оқытып отырған ата-аналары үшінде қиын жағдай туғызады деп ойлаймын.Себебі, біріншіден қазірде жастарға арналған жұмыстар өте аз деуге болады,жұмыс болғанның өзінде жұмысқа баруға студенттерге уақыты жетпейді және сабаққа да үлгермейді.Ал екіншіден, күнделікті жол ақысы, ішіп-жейтін тамағы, әр түрлі қажеттіліктері болады, бұның бәрі әрине қаражатқа әкеліп соғады. Әрбір елдің болашағы тек білімді жастардың қолында, сол себепті жастардың толыққанды білім алуы үшін көптеген жағдайлар туғызуымыз қажет, олай болмаған жағдайда тек жағдайы жететіндердің ғана ЖОО-дарында оқуға мүмкіндіктері болады да, ал қарапайым бір жалақымен өмір сүретін ата-аналар үшін балаларын оқыту мүмкін емес жағдайға жетеді деген ойдамын. Сондықтан да Жастар маслихаты осы мәселеге жете назар аударса екен деймін.

2. Студенттерге өзінің оқып жүрген пәндері бойынша оқулықтардың кітапханалардан табылмауы, табылған күннің өзінде оқулықтардың қазақша нұсқасының болмауы да студенттерге қиындықтар туғызады.Елімізде кітаптардың қазақша басылымдары көптеп шығарылса екен.Бұл көптеген студенттердің басты қалауы.

Ш.Мергенғалиева

ҚХКП Батыс Қазақстан облыстық комитеті

Суретте автор.

Яндекс.Метрика